Елімізде коронавирус жұқтырған 246 науқастың жағдайы ауыр - ДСМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирус жұқтырған 246 науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«10 тамыздағы ақпаратқа сәйкес коронавирус инфекциясынан 25 650 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 105 бала бар. Стационарларда 4 713 науқас жатыр. 20 937 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 246 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 69 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 70 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», делінген хабарламада.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай күн сайынғы нәтиже туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады.

«Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарланады», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар