Елімізде коронавирус жұқтырған 16 адам ауыр халде жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирус жұқтырғандар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 1 миллион 270 мыңнан асып кетті. Оның 70 мыңы өліммен аяқталды. Қазақстанда 604 жағдай тіркелді. Барлық жағдай бойынша 122 жағдай сырттан жұқтырғандар, 350-ден астамы – қарым-қатынас (отбасылық және ұжымдық) арқылы жұқтырғандар», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің ақпаратына сәйкес, жұқтырудың 130 жағдайында вирустың неден келгенін анықтау мүмкін емес болып отыр.

«Қазірге дейін 45 адам аурудан айығып кетті. Оның 24-і Нұр-Сұлтанда, 21-і Алматыдан. Коронавирус жұқтырудың 85 пайызы – симптомсыз әрі жеңіл бағытта екені белгілі болды. 11,5 пайызы ауырлығы орташа деңгейде. 16 адам ауыр күйде жатыр. Олар Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен ШҚО, Қарағанды облысындағы пациенттер», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар