Елімізде коронавирус пневмониясымен ауырғандар саны 70 мыңға жақындады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония туралы соңғы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«26 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 322 жағдайы және 27 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 122 адам емделіп шықты. 2020 жылдың 13 наурызынан бастап барлық ауырғандар саны – 69 357, 4 364 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 58 293 жетті», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар