USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Елімізде коронавирус инфекциясынан 11 адам көз жұмды – ДСМ

2021 жылғы 14 наурыз 10:14
Бөлісіңіз:
Елімізде коронавирус инфекциясынан 11 адам көз жұмды – ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына қатысты өңірлерде тіркелген қайғылы жағдай санын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктің мәлімдеуінше, 12 наурыз күнгі дерек бойынша елімізде коронавирус инфекциясынан 11 адам көз жұмған.

Нұр-Сұлтан қаласы – 1 адам, Алматы қаласы - 1 адам, Алматы облысы – 2 адам, Батыс Қазақстан облысы – 2 адам, Қарағанды облысы - 4 адам, Павлодар облысы - 1 адам қайтыс болған.

Сондай-ақ, 14 наурыздағы мәлімет бойынша, елімізде 18 973 адам короновирус инфекциясынан (14 720 КВИ+ және 4 253 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 041 пациент стационарда, 13 932 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 232 адамның жағдайы ауыр;
• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 33 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT