Елімізде корона-такси қызметі іске қосылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде жедел жәрдем шақыру жиілігінің артуына байланысты корона-такси қызметін іске қосу жоспарланып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Халықты тестпен барынша қамтамасыз ету үшін жедел жәрдем бригадалары шақырылған жерге барып, тест алады. Әр өңірде COVID-2019 бойынша халықты тестпен қамту үшін эпидемиологиялық ахуалға байланысты талаптарды айқындау көзделіп отыр», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта халық тарапынан жедел жәрдем қызметіне арыз-шағым көбейіп кеткен.
«Жалпы Қазақстанда жедел жәрдем шақыру жиілігі 1,8 есе артып кетті. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында тіпті 2-2,5 жарым есе көбейген. Бригадалар мен жедел жәрдем көлігінің жетіспеу мәселесі өте өзекті болып тұр. Бүгінге дейін отандық өндірістегі 807 автокөлікті сатып алу туралы келісімге қол жетті. Сонымен бірге медициналық емес ұйымдардың көлігінің көмегімен корона-такси қызметін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл ұсыныстар ведомтствоаралық комиссияның қарауына берілді. Қолдауға ие болар деген үміттемін», - деді ол.
- БҚО-да инфекциялық стационарларда жатқандар саны 300-ден асты
- Батыс Қазақстанда карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі
- Карантин: Атырауда көпшілік іс-шараны өткізуге тыйым салынды
- Алматыда карантин режимін бұзғандарға 3,5 млн теңгеге айыппұл салынды
-
Карантин: Ақмола облысында діни объектілердің қызметіне тыйым салынды
-
Қызылордада жыл басынан бері 114 адам коронавирус жұқтырған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам