Елімізде Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылмақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда әскери бағыттағы ғылыми-техникалық жобаларға қаржылық қолдау көрсететін «Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры» АҚ құрылуы мүмкін. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттің жарғылық капиталына жүз пайыз қатысуымен «Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры» акционерлік қоғамы құрылсын. Қоғам қызметінің негізгі мәні отандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржылық қолдау және қорғаныс-өнеркәсіп кешені ұйымдарын жаңғырту болып белгіленсін.

Жобаның мақсаты - негізделген және ашық баға белгілеу процесін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға, әскери мақсаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу процесін регламенттеу», - делінген қаулыда.

Акционерлік қоғамды құру үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен 153 млн теңгеден астам қаражат бөлмек.


Соңғы жаңалықтар