Елімізде көмір тасымалы бойынша штаб құрылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпрат - 2018 жылдың басынан бері «ҚТЖ» ҰК» АҚ желілері бойынша 65 млн тоннадан астам көмір тиелген. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2018 жылдың соңына дейін 106,5 млн тонна көмір тасымалдау жоспарлануда, соның ішінде тұтынушылар үшін - 71,9 млн тонна, бұл 2017 жылдағы тасымал көлемінен 3,5%-ға жоғары.  «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да аталып отырған жүк көлемін тасымалдауға жылжымалы құрам саны қажетті деңгейде жеткілікті. Әр түрлі жеке меншік иелерінен 54 мыңға жуық ашық вагон жұмылдырылды. Коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалы үшін 9 мыңға жуық ашық вагон қолданылуда», - делінген компания хабарламасында.

Сондай-ақ, аталған компания бастамасымен көмір тасымалы көлемін жыл бойына біркелкі бөлу және күзгі-қысқы кезеңдегі жүктемені азайту мақсатында көмір өндірушілердің қатысуымен облыс әкімдіктерінде отырыстар өткізілді. Облыс әкімдіктері мен көмір өндірушілер көмір тасымалы көлемін қайта бөлу бойынша міндеттемелер алды. Соның нәтижесінде коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалының көлемі 31%-ға артты. Сонымен қатар, көмір жүгін жөнелтушілермен де отырыстар өткізілуде.

«Компанияда көмір тасымалы бойынша штаб құрылып, жүк жөнелтушілер өтінімін қанағаттандыру, сонымен қатар вагондар айналымын орындау бойынша тәуліктік бақылау қойылды. ТЭЦ және ГРЭС қоймаларындағы қатты отын қоры қалдықтарына, сондай-ақ халықта көмірдің бар-жоқтығына тәуліктік мониторинг жүргізілуде», - делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар