+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Елімізде көмір өндірісі құлдырады

2019 жылғы 10 қыркүйек 09:46
Бөлісіңіз:
Елімізде көмір өндірісі құлдырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың 8 айында көмір өндірісі 3 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Өнеркәсіп өндірісі ағымдағы жылғы 8 айда 3,2 пайызға дейін жылдамдады. Өсу қарқындары бойынша өңдеу өнеркәсібі кен өндіру өнеркәсібінен озық. Өңдеу өнеркәсібінде машина жасауда, жеңіл өнеркәсіпте, сусындар өндіруде, фармацевтикада екі мәнді ұлғаю байқалды. Кен өндіру өнеркәсібінде өсу қарқыны 3,1 пайызға дейін үдеді. Негізінен металл кенін және мұнай өндіруді ұлғайту есебінен. Көмір өндіру бойынша жағдай айтарлықтай жағымды емес. Осы жылғы қаңтар-тамызда өндіріс көлемінің қысқаруы жалғасты. Төмендеу 3 пайызды құрады», - деді Руслан Дәленов.

Оның атап өтуінше, құрылыс секторы тұрақты қарқынмен дамып келеді. Орындалған жұмыстардың көлемі 11,8 пайызға өсті. Өнеркәсіп нысандарын, автомобиль жолдарын, газ құбырларын салу жұмыстары ұлғайды. Сондай-ақ, ірі зауыттарда құрылыс-монтаждау жұмыстары артты.

«Ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі 3,6 пайызға ұлғайды. Өсімдік шаруашылығы 3,9 пайызға, мал шаруашылығы 3,5 пайызға өсті. Ағымдағы жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша дәнді дақылдар себу алаңдарының 29,8 пайызы жиналды. Өнімділік гектарына 11,5 центнерді құрады», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT