Елімізде көліктерді техникалық байқау орталықтарының жұмысын бақылау күшейтілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жалған техникалық байқау орталықтарымен күресті күшейтпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылдың сәуірінде «Жол қозғалысы туралы» заңға техникалық байқау операторларының бақылау-диагностикалық жабдықтарынан ақпарат беретін арнайы бағдарламаларға қойылатын талаптарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.

Бүгінгі таңда ол талаптар жобасы ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуде.

Аталмыш талаптар автомобильді техникалық байқау желісіне ұсынбастан құжат жасау фактілерін болдырмауға, сондай-ақ деректерді «қолдан» енгізудің (фотошоп) жолын кесуге бағытталған.

«Елімізде техникалық байқауды жою мәселесі қарастырылмайды. Өйткені мерзімді техникалық байқау әлемдік тәжірибеге сай. Ең бастысы, бұл шара адам амандығын, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоршаған ортаға келетін зиянды азайтуға мүмкіндік береді. Басқа елдерде тіркелген көліктерге техникалық байқау жүргізетін тұлғалардың қызметіне келетін болсақ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін қатаң қадағалайтын болады», - делінген министрліктің мәліметінде.

Дегенмен, техникалық байқау операторларының тізіліміне енбесе де, аталған қызметті көрсетіп, табыс тауып жүрген тұлғалардың әрекетін тексеру аталмыш министрліктің қызметіне кірмейді.

Соңғы жаңалықтар