Елімізде көктемгі егіс алаңы 19 млн гектарға жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет басшысы Асқар Маминге көктемгі дала жұмыстарын жүргізу барысын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта барлық облыстар көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге кіріскен. Нақты деректер бойынша көктемгі егіс алаңының ауқымы 19 млн гектарға жетіп отыр. Оның ішінде егілген дәнді дақылдар 14,5 млн гектарды, майлы дақылдар 2,7 млн гектарды, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп 458,3 мың гектарды, азықтық дақылдар 4,1 млн гектарды, техникалық дақылдар (қант қызылшасы, мақта, темекі) 144 мың гектарды құрайды.

«Биыл 2018 жылғы көлеммен деңгейлес 471,4 мың тонна тыңайтқыш шашу жоспарланып отыр. Жыл сайын шашылатын тыңайтқыштың көлемі ұлғайып келеді. Қазіргі уақытта 267,1 мың тонна немесе мәлімделген көлемнің 57 пайызы тиеліп жөнелтілді. Оның ішінде 160,0 мың тонна немесе 60 пайызы - отандық өндірушілердің тыңайтқыштары», - дейді министр АШМ-да Үкімет басшысының қатысуымен өткен отырыста.
null

Сапархан Омархановтың сөзіне құлақ ассақ, тыңайтқыштардың қалған бөлігін солтүстік өңірлер көктемгі дала жұмыстарын жүргізу кезінде сатып алады.

«Сіздің 20 наурыздағы кеңес барысында берген тапсырмаңыздың орындалуын баяндайын. Министрлік ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің агрохимиялық картограммаларды міндетті түрде қолдану мерзімін кейінге созу туралы ұсыныстарын қарастырды. Минералды тыңайтқыштар сатып алуды субсидиялау кезіндегі аталған талапты 2021 жылға дейін созу туралы шешім қабылданды. Тиісті акт қабылданды. Жақын арада күшіне енеді. Осылайша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің минералды тыңайтқыштарды сатып алуын тежеп тұрған кедергі алып тасталды», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар