Елімізде қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қанша бейнебақылау камерасы қажет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігін қамту үшін қанша көлемде бейнебақылау камерасы керек. Бұл сұраққа еліміздің Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде жаппай бейнебақылау жүйесімен қамтуды белсенді түрде жүзеге асыратын боламыз. Осы орайда 100 тұрғынға 15 бейнебақылау камерасынан келетін халықаралық тәжірибені зерттедік. Бізге ол көрсткішке жету үшін республика бойынша шамамен 2 миллион 795 мың бейнебақылау камерасын орнату қажет. Әсіресе бейнебақылау жүйесін адам көп шоғырланатын, қоғамдық орындарда жиі болғаны жөн. Себебі бейнебақылау камераларының арқасында қоғамдық орындарда жасалатын қылмыс 2019 жылы 14%-ға, өткен жылы жылы – 51%-ға және биылғы жылдың 9 айында - 29,8%-ға азайған», - деді Сәкен Сәрсенов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде ел бойынша қоғамдық орындарда 625 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған.

Бұған дейін министр орынбасары елімізде адамның келбетін танитын технологияны енгізу мүмкіндігі туралы айтып берді.

Сондай-ақ, Сәкен Сәрсенов биыл жыл соңына дейін еліміздегі полиция бөлімшелері толықтай бейнебақылау камераларымен қамтылатын жеткізді.



Соңғы жаңалықтар