Елімізде кейбір дәрігерлер зейнетке ерте шығуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Болат Төкежанов «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі» Кодексі жобасының тұжырымдамасын түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Фармацевттердің зейнетке жеңілдетілген жолмен шығуы туралы: денсаулық сақтау жүйесіндегі жаңа Кодекстің заң жобасының тұжырымдамасында әлеуметтік мәртебені қорғап, медициналық қызметкерлердің абыройын арттыру үшін бекітілген тізім бойынша олар зейнетке ерте шығатындай норманы ұсынып отырмыз. Шынына келгенде аса қауіпті өндірісте еңбек ететін жұмысшыларға қатысты бізде тізім бар. Меніңше, ол тізімге 16 мамандық кіреді. Біз осы тізімге мамандарымызды да кіргізгіміз келеді», - деді спикер Әділет министрлігінде өткен брифинг барысында.

Ол өз сөзінде кейбір медициналық қызметкерлер өте күрделі жағдайда жұмыс жүргізіп жатқанын айтады.

«Мәселен, радиологтар, онкологтар секілді жұмыстары күрделі бірқатар жұмыс бар. Олармен етене жұмыс атқаратын мемлекеттік органдар бұл ұсынысымызды қолдап отыр. Біз медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер туралы бұдан бұрын да айтқан болатынбыз. Медициналық деп жалпылай алғанда оның ішіне бірқатар мамандық енетінін атап өткіміз келеді. Біз нақты ереже мен тәртіпті әзірлейміз. Олардың бәріде уәкілетті органдардың тиісті құжаттарында айқындалады. Мерзім, дәрігердің жасы - бәрі де ережелерімізде көрсетіледі», - дейді Б.Төкежанов.

Кодекстің тұжырымдамасында және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы мәселелер бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында дәрігерлердің мәртебесін көтеру мәселесі де қарастырылған.

«Бұл біздің тұжырымдаманың жаңа қыры. Біз Тұрғын үй қаты,настары заңында денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне қатысты тұрғын үй қатынастарын реттеу ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір бөлімді қарастырғымыз келеді. Статистикаға қарап отырсақ, бізде ішкі миграцияның халі көңіл қуантпайды - көптеген дәрігерлерді ақ халаттыларға мұқтаж өңірлерге жібере алмай отырмыз. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бар десек те, дәл осы тұрғын үйге келгенде мәселе әлі де шешілген жоқ. Жергілікті атқарушы органдарыдң жауапкершілігі бар, бірақ өкінішке қарай біздің балалар медициналық университтерге түскен кезде билік өкілдері олардың 9-10 жыл бойы оқитынын біледі. Университ бітіріп шыққан студенттер біршама жасқа тақап қалатынын ескеру керек. Міне, сол кезде олар жұмысқа білек сыбана кірісіп кетуі үшін әлеуметтік жағдайын жақсартуымыз керек. Дәрігерлерге салынған ақша өзін-өзі ақтайды», - дейді ол.

 Сонымен қатар, Болат Төкежанов кадрларды ауылға орналастыру бойынша заңнамалық нормалар барын да еске салды. 

Соңғы жаңалықтар