+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Елімізде кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда

2017 жылғы 24 мамыр 18:39
Бөлісіңіз:

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде тауарларды кедендік рәсімдеу уақыты 6 сағаттан 1 сағатқа дейін қысқартылды.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті өкілінің айтуынша, бүгінгі таңда кедендік рәсімдер айтарлықтай жеңілдетілді, сыртқы экономикалық қызмет мүшелеріне, орта және шағын бизнес өкілдеріне барынша ыңғайлы жағдайлар жасалды.

Мәселен, бизнес-үдерістерді оңтайландыру нәтижесінде жасалатын іс-әрекеттердің саны 898-ден 394-ке дейін, ал бқл дегеніміз 2,3 есеге қысқартылған. Жалпы еліміздің кеден бекетіндегі тауарларды кедендік рәсімдеу уақыты 6 сағаттан 1 сағатқа дейін қысқартылған.

Кедендік ресімдеуді оңтайлатудағы кеден қызметінің кезекті қадамы тек уақытты ғана емес, сыркы экономикалык қызметке қатысушылардың қаржыларын үнемдеуге де жол ашатыны айдан анық.

Кедендік саясатты үйлестіру, ДСҰ ережесіне сәйкес халықаралық стандартпен және озат тәжірибемен, электрондық декларациялау жүйесін еңгізу, экспорт және импорт құжаттарының санын азайтуға мүмкіндік туғызу,сондай-ақ, тәуекелмен басқару және пост - аудиттық озат әдістемесін нығайту, басқа сөзбен айтқанда, кедендік немқұрайды жеңілдету - бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып табылады. Осы ретте елімізде халықаралық сауданы жүргізу мүмкіндіктерін одан әрі жеңілдету мақсатында кедендік рәсімдеу мен бақылау процестерін біртұтас платформа негізінде электрондық форматқа ауыстыру жұмыстары жоспарланып отыр. Себебі бүгінгі таңда аталған процестер әр түрлі ақпараттық жүйелерде бір-бірінен байланысы үзіліп, ажырап кеткен.

Осыған байланысты АСИКУДА (Кедендік әкімшілендірудің және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі) халықаралық платформа базасында электрондық кедендік декларациялаудың толық циклымен "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесі құрылатын болады. Яғни, "АСИКУДА" платформасын енгізу Қазақстанның бейімделу жағдайына байланысты «Астана -1» ақпараттық жүйесі арқылы қамтамассыз етіледі. Бұл бастама пилоттық режимде еліміздің барлық аймақтарында қолданылады

Айта кетейік, 2017 жылдың сәуір айының 10 - 14 аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығымен бірігіп, «Астана - 1» АЖ енгізуін дайындау шеңберінде «Ақпаратты жүйе «Астана-1» (Асикуда)» атты тәжірибелік семинар өткізген болатын. Бұл семинарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аймақтық бөлімшелерінің жетекші мамандары қатысты.

Енді бұдан былай, тауарларға электронды түрде берілетін декларация онда жазылған мәліметтерді растайтын құжаттарсыз қабылданатын болады. Сонымен қатар тәуекелдерді басқару жүйесі тауарларды тексеріп, тәуекелдерді таппаған жағдайда олар автоматты түрде (мемлекеттік кірістер органның лауазымды тұлғаның қатысуынсыз) шығарылатын болады.

Бұл тәсілді кеден және салық жүйелерінің интеграциялануының бірінші қадамы ретінде қабылдаса болады.

Сонымен қатар, Астана қаласында барлық бақылаушы органдарды орналысқан жаңа көліктік-логистикалық орталық ашылған болатын. Бұнда сыртқы экономикалық қызметке қатысушы барлық кешенді логистикалық қызметті ала алады.

Дәл осындай кедендік рәсімдеу аймақтары еліміздің басқа да ірі қалаларында ашылмақ.

Бұдан басқа, көп уақытты қажет ететін бақылаудың ең ауыр түрлерін (бағаны бақылау, тауарларды классификациялау т.б.) тауарларды шығарғаннан соң (постфактум) өткізу жоспарлануда.

Тіпті кейбір бұрын тексерілген және адал сыртқы экономикалық қызмет мүшелері үшін барлық бақылауды «постфактум» режиміне қалдыру жоспарланып отыр. Аталған рәсім әкелінген тауарларды кедендік рәсімдеусіз бірден ішкі айналымға кіргізуді мүмкіндік береді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Кеден одағы, Кеден,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT