Елімізде Қазақстан азаматтығын алмаған 50 мыңға жуық оралман тұрақты тұрып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде Қазақстан азаматтығын алмаған 50 мыңға жуық оралман тұрып жатыр. Бұл туралы Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің ішкі және сыртқы көші-қон мәселелері талқыланған отырысында ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментінің бастығы Серік Сайынов айтты.

«Қазақстанда 165 мыңға тарта шетелдік азаматтар тұрақты түрде тұрып жатыр. Бұлардың басым көпшілігі Ресейдің (65 мың азамат), Өзбекстанның (40 мың), Қырғызстанның (14 мың), Түркияның (2,5 мың) және Германияның (1 мың 800) азаматтары. Сонымен қатар елімізде тұрақты түрде тұратын шетелдіктердің үштен бір бөлігін әлі азаматтық алмаған оралмандар құрайды. Олардың саны 50 мыңға жуық», - деді С.Сайынов.

Сонымен бірге, департамент басшысының айтуынша, жыл сайын көші-қон полициясы миллионнан астам шетелдік азаматты тіркейді. Бұдан бөлек, тіркеуге міндетті емес 6-7 млн. шетелдік азамат келеді. Ал тіркелгендердің жалпы санының миллионға жуығы ТМД елдерінің, атап айтқанда 400 мыңы - Өзбекстан, 200 мыңы - Ресей және 100 мыңы -Қырғызстан азаматтары.

«Мигранттардың басым көпшілігі Алматы қаласында, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Астанада тіркелген», - деді көші-қон саласының басшысы.

Соңғы жаңалықтар