Елімізде қайыр сұрап жүрген 24 мыңға жуық адам ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы қайыр сұрап жүрген 24 мыңға жуық адам ұсталды. Мұндай деректі Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына жауап берген ҚР Премьер-Миинстрі Бақытжан Сағынтаев келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодексі қабылданған сәттен бастап азаматтарға мазалап тиіскені үшін 70 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ 17,5 мыңнан астам адам әкімшілік қамаққа алынды, шамамен 600 шетел 2 азаматы елден тыс шығарылды. 2018 жылы қайыр сұрап жүрген 24 мыңға жуық адам ұсталды, олардың ішінде Астана қаласы бойынша - 4,5 мыңнан астам», - дейді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, белгілі бір тұратын жері жоқ адамдар мен қайыршылардың санын азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдар оларды анықтау, уақытша болу ұйымдарына орналастыру және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оларға медициналық, психологиялық көмек, заңдық кеңес беру, тиісті жеңілдіктер мен жәрдемақылар ресімдеу, құжаттарды қалпына келтіру, білім алуға және жұмысқа тұруға көмек көрсету бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес уақытша болу ұйымдары міндетті түрде адам саны жүз мыңнан асатын қалаларда құрылады және қажет болған кезде жергілікті атқарушы органдар оларды халық саны отыз мың және одан астам елді мекендерде құруға құқылы.

Уақытша болу ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтер мынадай үш модель ескеріле отырып ұсынылады:

1) «Өмірдегі қиын жағдайды еңсеру» адамның қалауы бойынша шарттық қатынастарда жүзеге асырылады және тараптардың өзара міндеттемелерін көздейді, онда әлеуметтік бейімдеу орталығы кәсіби оқуға немесе қайта оқуға жіберіп, адамның бір жылға дейінгі мерзімге тәулік бойы тұруын (тамақтануды, тұруды, бірінші қажетті заттар мен өзге қызметтерді ұсынумен), жұмысқа тұруына, жалдамалы тұрғын үй немесе жатақханадан орын алуға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді, ал адам өзіне кәсіби оқудан өту және Орталық жіберіп отырған ұйымдарға жұмысқа тұру міндеттемелерін алады;

2) «Түнде болу бөлімшесі» өмір салтын өзгертуді қаламайтын үйсіз адамдарды ыстық тамақпен қамтамасыз етпей, оларға тәуліктің түнгі уақытында төсек-орын түрінде ұсынылады;

3) «Әлеуметтік патруль» мобильдік қызметі» көшелерде тәуліктің күндізгі уақытында үйсіз адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету үшін.

«Егер әлеуметтік бейімдеу орталығына жүгінген адам жалғыз басты зейнеткер немесе 1, 2-топтағы мүгедек болған жағдайда оны қарттарға және мүгедектерге арналған стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемеге жібереді», - деді Б.Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар