+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Елімізде қатерлі дерттерден келетін өлім-жітім 3% төмендеген

2021 жылғы 16 маусым 17:47
Бөлісіңіз:
Елімізде қатерлі дерттерден келетін өлім-жітім 3% төмендеген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада балаларға арналған кардиохирургиялық орталық ашылады. Елбасы кітапханасында медицина қызметкерлерімен кездескен Вице-Премьер Ералы Тоғжанов осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ералы Тоғжанов: Жауапкершілігі бар ШОБ нысандарының жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалады СҚО-ға жұмыс істеуге 128 дәрігер шақырылмақ Жамбылда биыл 12 мыңға жуық дәрігердің жалақысы 20-30 пайызға өсті

«Біз медицина қызметкерлерін даярлауға гранттар санын арттыруды көздеп отырмыз. Осылайша, пандемияға қарамастан, елде оң медициналық-демографиялық динамика сақталуда. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ана өлімі мен қатерлі аурулардан болатын өлім-жітім 3%-ға төмендеді. Әрине, бұл сандардың артында адам өмірі, медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегі тұр», - деді Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, бүгінде отандық медицина бірнеше бағыт бойынша халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті жүйе қалыптастырып үлгерген.

«Елімізде жоғары технологиялы медициналық көмектің 78 түрі халыққа қолжетімді. Биыл біз заманауи аппаратты қолдана отырып, орталық жүйке жүйесі ауруларын емдеудің радиохирургиялық әдісін енгізуді жоспарлап отырмыз. Биыл Nazarbayev University жанынан Балалар кардиохирургиялық орталығын ашу жоспарланып отыр» - деді Премьер-Министрдің орынбасары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT