Елімізде қасқыр санын реттеудің лимиті бекітілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда бір жыл бойы қасқыр санын реттеудің лимиті бекітілді. Бұл туралы фейсбук парақшасында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының аумағында 2019 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығындағы қасқыр санын реттеудің лимиті бекітілді. Қасқыр санын реттеу бойынша мемлекеттік қызмет egov.kz электронды жүйесі арқылы беріледі», - деп жазады Сәкен Ділдахмет.

Қасқыр санын реттеу (яғни, ату) рұқсатын төмендегі сілтеме арқылы алуға болады.

https://www.facebook.com/photo.php?fbid=1218279628323586&set=a.104410876377139&type=3&theater

АШМ малға шапқанда немесе елдімекен аумағында қаңғып жүрген жағдайда ғана қасқырды лимит бойынша атуға рұқсат берілетінін ескертеді.

Еске сала кетсек, былтыр Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының (ҚБСҚ) қасқыр санын анықтауға байланысты Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында аңшылар мен жергілікті тұрғындар арасында сауалнама жүргізетіні хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар