+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Елімізде кәсіпкерлерді тексеру 2 есеге қысқарды

2018 жылғы 30 қараша 09:10
Бөлісіңіз:
Елімізде кәсіпкерлерді тексеру 2 есеге қысқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Көлеңкелі» экономикамен күресу үшін тәуекелдерді басқару жүйесі жетілдіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ереже бұзу қаупі жоғары аймақтарға баса назар аудару және салық міндеттемелерін ерікті орындау принциптерін кеңейтудің нәтижесінде камералық бақылау бойынша өндірудің үлес салмағын 88% арттыруға қол жеткізілді. 2018 жылдың 10 айында 162,1 млрд теңге өндіріліп, қаржы мемлекеттік бюджетіне түсті. 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, тексерістер саны 34 636-дан 16 232-ге дейін немесе 53% қысқартылды», - делінген хабарламада.

«Көлеңкелі» экономиканың қысқаруына және кәсіпкерлердің арасындағы таза бәсекені ынталандыруға «Чек талап ет те, сыйлық ұтып ал!» акциясының ықпалы тиген. Акция азаматтардың қоғамдық бақылауға қатысуына жылы мүмкіндік береді. 2017 жылы 336-дан астам сыйлық ұтысқа тігілді, ал бас жүлдеге автомобиль қойылды. Акцияға 2,5 миллионнан астам фискалдық чек алғандар қатысты.

Бұдан тыс, комитет салық заңнамасын бұзуды қылмыс деп танымау және бизнеске әкімшілік қысымын азайту жұмыстарын жүргізіп келеді. Қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру жөніндегі заң аясында алғаш рет заң бұзғандарды келтірілген залалды төлете отырып, қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өзгерістер енгізілген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT