Елімізде қасақана кісі өлтіру қылмыстарының саны 50%-ға қысқарды - Марат Ахметжанов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үйде жатып, сын айтқанша, полицияның жұмысына белсенді қатысу керек. Бүгін елорда әкімдігінде өткен «Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тұжырымдамасы аясында Астанадағы мәселелер картасын таныстырған Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші кезекте сенім маңызды. Сондықтан біз мәселелер картасы, проблемаларды жүйелі және кешенді шешу жолдары туралы айтып жатырмыз. Крименогендік ахуалға тоқталайын: елімізде қасақана кісі өлтіру қылмыстарының саны 50%-ға қысқарды. Бүгінде біз интелектуалдық жүйені жасап шығардық. Ол жаяу жүргіншілердің өлімін 25%-ға төмендетуге мүмкіндік беріп отыр. Егер сіздер осыны сезінбесеңіздер, осыны көрмесеңіздер, мен қалғанын білмеймін. Сондықтан үйде жатып алып, сын айтқанша, біліп, көріп полицияның жұмысына белсенді қатысу керек», - деді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

Оның пайымынша, ведомство әзірлеген «Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тұжырымдамасын орындауға әр азамат атсалысуы қажет. Яғни, күнделікті халық арасында болатын құқық бұзушылық әрекеттерінің жолы кесу мақсатында тұрғындар полиция қызметкерлерімен бірлесе әрекет етуі керек.


Соңғы жаңалықтар