Елімізде «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағанда «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін басталған «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы аясында қару-жарақ пен оқ-дәрілердің сатылу заңдылығы, қару-жарақ дүкендерінде, оқты қарудың иесі саналатын заңды және жеке тұлғаларда олардың қауіпсіз сақталу талаптары тексерілетін болады», - деді Нұрділдә Ораз Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Сонымен қатар ол Интернет кеңістігінде, оның ішінде жастар форумдары мен пабликтерде зорлық-зомбылықты насихаттау фактілерін анықтау және алдын алуға бағытталған тұрақты мониторингтің жүргізілетіндігін айтты.


Соңғы жаңалықтар