Елімізде карантин режимінде алғашқы әуе рейсі ұшты - фоторепортаж

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда ішкі рейстер біртіндеп ұша бастады. Алғашқы рейс бүгін, яғни 1 мамырда Алматыдан елордаға ұшып келіп, кері қайтты. Бұл туралы ҚазАқпарат BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Nursultan Nazarbaev әуежайында түсірілген фоторепортажды назарларыңызға ұсынамыз.

Әуежай ішіне тек медициналық маскамен кіруге болады. Сондай-ақ, ұшақ ішінде де маска тағып отыру керек.

Жолаушылар үшін қойылатын басты талап - COVID-19-бен ауырмайтындығың туралы анықтама. Бұл анықтамасыз ұшу мүмкін емес.

Тіркеуден өткен, ұшаққа отырған және түскен кезде жолаушылар бір метр арақашықтық сақтап тұруы керек. Бұл туралы әуежай, әуе компанияның қызметкерлері арқылы, кестелер, терминал ішіндегі жазулар арқылы да ескертілген.

Дәліздегі орындықтар адамдар бір-бірінен қауіпсіз қашықтықта отыратындай етіліп қоршалған.

Ұшақ ішінде де жолаушылар араға бір орын қалдырып отырады.

Ұшаққа отырар кезде әр жолаушының дене қызуы өлшенеді. Бұл шара экипаж мүшелері үшін де қолданылады.

Жалпы алғанда бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында бірнеше рейс болады деп жоспарлануда. Кешке қарай елордадан Атырауға әуе рейсі ұшады деп күтілуде.


Еске сала кетсек, 27 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 мамырдан бастап елорда мен Алматы аралығында әуе рейстарі ұша бастайтынын мәлімдеген болатын. Ал 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылорда,

Өскемен, Семей, Петропавлға ұшақтар ұша бастайды.


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуекомпаниялар ұшыратын рейстер туралы кестені жариялады.



Air Astana

Алматы мен Қызылорда арасында аптасына 7 рейс болады.

Алматы (13:55) – Қызылорда (14:40),

Қызылорда (15:40) – Алматы (18:10),

Алматы (12:10) – Қызылорда (13:40),

Қызылорда (14:40) – Алматы (17:10).


Алматы мен Өскемен арасында аптасына 5 рейс болады.

Алматы (12:15) – Өскемен (13:45),

Өскемен (14:45) – Алматы (16:20).


Нұр-Сұлтан мен Өскемен арасында аптасына 5 рейс жасалады.

Нұр-Сұлтан (14:50) – Өскемен (16:15),

Өскемен (17:15) – Нұр-Сұлтан (18:45),

Нұр-Сұлтан (15:10) – Өскемен (16:35),

Өскемен (17:35) – Нұр-Сұлтан (19:00),

Нұр-Сұлтан (15:20) - Өскемен (16:45),

Өскемен (17:45) – Нұр-Сұлтан (19:10).


SCAT

Нұр-Сұлтан мен Өскемен арасында аптасына 7 рейс.

Нұр-Сұлтан (15:40) – Өскемен (17:10),

Өскемен (18:10) – Нұр-Сұлтан (19:35),

Нұр-Сұлтан (15:50) – Өскемен (17:10),

Өскемен (22:30) – Нұр-Сұлтан (23:59).


Алматы мен Өскемен арасында аптасына 7 рейс.

Алматы (09:20) – Өскемен (10:30),

Өскемен (11:30) – Алматы (12:45).


Алматы мен Петропавл арасында аптасына 3 рейс.

Алматы (07:00) – Петропавл (09:20),

Петропавл (10:10) – Алматы (12:20),

Алматы (07:00) – Петропавл (09:20),

Петропавл (16:30) – Алматы (18:50).


Qazaq Air

Нұр-Сұлтан мен Өскемен арасында аптасына 3 рейс.

Нұр-Сұлтан (13:40) – Өскемен (15:20),

Өскемен (16:00) – Нұр-Сұлтан (17:45).


Нұр-Султан мен Петропавл арасында аптасына 2 рейс.

Нұр-Сұлтан (08:30) – Петропавл (09:40),

Петропавл (10:10) – Нұр-Сұлтан (11:25),

Нұр-Сұлтан (10:05) – Петропавл (11:15),

Петропавл (11:55) – Нұр-Сұлтан (13:05).


Нұр-Сұлтан мен Қызылорда арасында аптасына 3 рейс.

Нұр-Сұлтан (14:30) – Қызылорда (15:20),

Қызылорда (16:00) – Нұр-Сұлтан (18:50),

Нұр-Сұлтан (15:30) – Қызылорда (16:20),

Қызылорда (17:00) – НҰр-Сұлтан (19:50).


Нұр-Сұлтан мен Семей арасында аптасына 3 рейс.

Нұр-Сұлтан (15:00) – Семей (16:35),

Семей (17:05) – Нұр-Сұлтан (18:40).


Рейстердің кестесін әуе компаниялары өзгертуі мүмкін. Бұл туралы ҚР ИИДМ-ға ескертілген.


Соңғы жаңалықтар