Елімізде қаңтар-ақпан айларында алтын өндірісі 5% өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда өңделмеген және жартылай өңделген не болмаса ұнтақ түріндегі алтын өндірісінің көлемі 14 315 келіні құрады. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегіне сәйкес, есепті кезеңде өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі күміс өндірісінің көлемі 128 576 келіге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,1% аз көрсеткіш.

Өңделмеген алюминий, алюминий тотығы өндірісінің көлемі 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,8% пайызға төмендеп, 253 676 тонна болды. Ал өңделмеген тазартылған қорғасын өндірісі 17,6 пайызға азайып, 21 025 тоннаны, өңделмеген мырыш өндірісі 4 пайызға кеміп, 52 027 тоннаны құрады. Өңделмеген тазартылған, қоспасыз мыс өндіру көлемі 5,4 пайызға өсіп, 74 081 тоннаға жетті.

Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар