Елімізде қанша ЖОО атом энергиясы саласындағы мамандарды даярлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде қанша Жоғары оқу орыны атом энергиясы саласындағы мамандарды даярлайды? Парламент Сенатында депутат Нұрлан Қылышбаевтың бұл сұрағына Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атом саласының кадрлармен қамтамасыз етілуі қандай жағдайда?» - деді сенатор атом энергиясын пайдалану мәселесі жайлы заң жобасы талқыланған отырыста.

«Атом энергиясы саласындағы мамандарды елімізде 5 жоғары оқу орыны даярлайды. Олар түлектерін атом энергиясын пайдалану мекемелеріне жолдайды. Ол ЖОО-лар елордадағы Л.Гумилев атындағы ЕҰУ мен Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Семей мемлекеттік университеті, Алматы энергетика және байланыс университеті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Ресейдің Дубна қаласындағы университетпен тәжірибе алмасып келеді. Сонымен қатар АҚШ, Жапония энергетика агенттіктерінде мамандарымыздың біліктілігін арттыру мәселесі іске асады», - деді Нұрлан Ноғаев.


Соңғы жаңалықтар