Елімізде қанша әскери дәрігер коронавируспен күреске жұмылдырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарулы күштер бас әскери медицина бастығының орынбасары, медицина қызметінің полковнигі Әлібек Манабаев арнайы брифингте әскерилерді вакциналау барысы жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бүгінде екпе салдырған әскери медицина қызметкерлерінің саны мыңнан асқан.

«Жалпы Қазақстанда 3 мыңнан астан әскери медицина қызметкері бар. Қ ажет болған жағдайда 2 мыңнан астам медицина қызметкері коронавирус індетіне қарсы күреске жұмылдырылады. Бұл - д енсаулық сақтау мекемелерінің, жергілікті әкімшіліктердің сұранысына байланысты» дейді әскери медицина полковнигі.

Әлібек Манабаев брифингте «қ азіргі кезде Қазақстанда коронавируспен күреске жұмылдырылған әскери медицина қызметкерлері бар ма?» деген сұраққа да жауап берді.

«Жергілікті әкімдіктердің сұранысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы бас әскери клиникалық госпиталь мен Алматы қаласындағы әскери клиникалық госпиталь коронавирус науқастарын емдеуге жұмылдырылып отыр. Бұл мекемелерде тәжірибе жеткілікті, өйткені пандемияның бірінші кезеңінде Қарулы күштердің 4 әскери мекемесі коронавирус жұқтырған науқастарды емдеген болатын» деп атап өтті Әлібек Манабаев.

«Ал оларға үстемақы төлеу жағы қарастырылған ба?» деген сұраққа әскери дәрігер:

«Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына өзгерістер енгізу арқылы қарастырылған. Азаматтық денсаулық сақтау саласындағы әріптестер сияқты олар да үстемақы алып отыр» деп жауап қатты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрі мен оның орынбасарларының, бас қолбасшылардың коронавирус вакцинасын салдырғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар