Елімізде қандай қылмыс жиі жасалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз Қазақстанда өткен аптада тіркелген қылмыстар жөнінде айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен аптада елімізде 3434 қылмыс пен құқықбұзушылықтар тіркелді. Кезекші із кесушілер 2228 қылмысты анықтады. Қылмыстар арасында бұрынғыдай ұрлық көш бастап тұр. Өткен аптада еліміз бойынша 1316 ұрлық жасалған. Оның ішінде 568 ұрлық ашылды», - деді Нұрділдә Ораз facebook желісінде өткен онлайн брифингте.

Ресми өкілдің айтуынша, қаржылық пирамида құрған бірнеше күдіктіге қатысты тергеу басталды.

ҚР ІІМ Тергеу депаратменті 2016-2017 жылдар аралығында Questra Holdings, Questra World, Atlantic Global Asset Management, FIVE WINDS Asset Management деген атаулармен қаржылық пирамида құрған бірқатар еліміздің және басқа елдердің азаматтарына қатысты тергеуді бастады. Олардың әрекетінен мыңдаған қазақстандық зардап шеккен. Қарапайым азаматтар бас-аяғы 1 млрд теңгеден астам қаражатқа алданғанын айтып отыр», - деді Н. Ораз.


Соңғы жаңалықтар