Елімізде кадрларды дайындау және қайта дайындауға бюджеттен 14 миллиард теңге бөлінді - Ж.Түймебаев

None
None
АСТАНА. Қарашаның 20-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елімізде дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде кадрларды дайындау және қайта дайындауға бюджеттен 14 миллиард теңге бөлінген. Бұл деректі бүгін елордада өткен «Кәсіптік білім және бизнес: серіктестер диалогы» атты 2-ші халықаралық форумда Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта кәсіптік оқумен 74 458 адам қамтылса, оның 45 845-і оқуын аяқтап, 24 346-сы кәсіпорындар мен компанияларға жұмысқа орналасқан.

Министрдің айтуынша, «Жол картасын» жүзеге асыруға 473 техникалық және кәсіптік оқу орындары мен 100-ге жуық оқу орталықтары тартылған. Сонымен қатар жұмыс берушінің қатысуымен 170 кәсіп бойынша оқу бағдарламасы әзірленіп, шетелдік жұмыс күшінің орнын басу үшін жергілікті кадрларды қайта оқыту мақсатында 9 мың үшжақты келісімдер жасалған.

Аталған министрліктің ақпараты бойынша, Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 866 оқу орны бар. Оның 542-і колледж, ал 324-і кәсіптік лицейлер. Оларда жалпы саны 610 мың азамат білім алады.

Соңғы жаңалықтар