Елімізде ІТ мамандарды оқытатын үздік 10 жоғары оқу орнының пулы құрылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда ІТ мамандарын оқытатын үздік 10 жоғары оқу орнының пулы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінгі күні елімізде IT-маман даярлайтын 2 мамандандырылған жоғары оқу орны бар. Олар үздік халықаралық әріптестермен бірге оқу бағдарламаларын дайындауда. Сонымен қатар үздік 10 жоғары оқу орнының пулы құрылды. Олар да өз оқу бағдарламаларын халықаралық университеттермен бірге дайындаған. Осы жоғары оқу орындары IT-мамандарды оқыту жүйесінің өзегі болады. Сол себепті, жоғарыда аталған тәжирибені еліміздің басқа да оқу орындарында енгізуді қажет деп санаймыз», - деді Асқар Жұмағалиев Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша бүгінгі күні елімізде болашақ мамандарды даярлау бойынша тиімді тәсілдер енгізіліп жатыр.
«Цифрлық дағдыларды меңгерген аудиторияны қамту үшін барлық өңірде бағдарламалау мектептері сияқты түрлі бастамалар енгізілген. Оның ішінде «тіпті дағдысы жоқ» адамдарға арналған бағдарламалар енгізілген. Келесі кезең – IТ-нарығының өз бағдарламалары. Мысалы: Билайн, Каспи банк, Чокофэмили сияқты компаниялары өз бастамаларын енгізді. Сонымен қатар, индустриядағы IТ дағдысы бар middle және senior manager буынын дайындау. Бүгін де оларды Аlem және QWANT инновациялық мектептері даярлап жатыр. Мұндай мектептердің тиімділігі халықаралық тәжірибеде танылған. Сондықтан біз Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында (IT-компаниясы барынша көп қалалар) осындай ІТ мектептерін көбейтуді ұсынамыз», - деді ол.
- Жамбыл облысындағы 222 мектеп оқушыларды қашықтан оқытуда
- Қостанай облысында 5-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады
- Қызылордалық оқушы қала көшесін жарықтандырудың тиімді тәсілін тапты
- Атырауда мектеп оқушысы тамшылатып суару қондырғысын жасап шығарды
-
Қазақстанда төменгі сынып оқушыларының 56% үйірмеге бармайды – зерттеу
-
Алматы облысында қашықтан оқыған 300 оқушыдан коронавирус анықталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам