Елімізде ипотекалық несиелеу жаңа серпін алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков «7-20-25» бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Оның 10 ай ішінде іске асырылуы кезінде 91,4 млрд теңге сомаға 7 894 отбасы үшін жеңілдік талаптарымен ипотекалық қарыздар мақұлданды. Нәтижесінде, тұтастай алғанда ипотекалық кредиттеу серпін алды. 2018 жылғы шілдеде іске қосылған сәттен бастап банктердің ипотекалық портфелі 1,4 трлн теңгеге дейін 18,9 пайызға өсті», - деді Смоляков Парламент Сенатының жалпы отырысында.

Оның айтуынша, нарықтық қорландырудың орнықтылығын арттыру үшін банктік практикаға алайда сыйақы ставкасы неғұрлым жоғары және қорғанысы бар жинақ депозиттері енгізілді.

«2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, халықтың жинақ депозиттерінің көлемі 106,9 млрд теңгені құрады», - деді О. Смоляков.

Қазақстан Ұлттық банк төрағасының орынбасары сөзінің соңында алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті барлық құралдардың бар екендігін атап өтті.

«Үкіметпен өзара тығыз іс-қимыл жасай отырып, біз қажетті шараларды, оның ішінде 2019 жылғы наурызда Үкімет пен Ұлттық банк арасында жасалған Келісім аясында іске асыруды жалғастырамыз. Инфляцияны төмен деңгейде тұрақтандыру, қорландырудың орнықтылығын арттыру және банктерді қалыпқа келтіру бойынша бағдарламаларды іске асыру - экономиканың ақшамен қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ экономиканың нақты секторын қалыпты кредиттеудің өсуіне ықпал ететін болады», - деді ҰБ төрағасының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар