+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елімізде интернет-экспортерлер мектебін қолдау бағдарламасы қалай іске асып жатыр

2019 жылғы 11 желтоқсан 13:31
Бөлісіңіз:
Елімізде интернет-экспортерлер мектебін қолдау бағдарламасы қалай іске асып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлының айтуынша, жеңіл өнеркәсіп саласындағы 50 кәсіпорынға Alibaba сайтының аясында павильон ашуға көмек көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Бүгінгі таңда министрлік экспорттық акселерацияның жаңа бағдарламасын енгізгелі жатыр. Яғни, ел ішіндегі белгілі бір брендті алып, оны ірі ойыншыға айналдырамыз. Аталған бағдарлама келесі жылдың соңына дейін күшінде болады. Экспорттық акселерация аясында біздің еншілес Kaztrade компаниямыз кәсіпорындарды іріктейді», - деді вице-министр елордада өтіп жатқан Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп саласы өндірушілерінің отандық жиынында.

Вице-министрдің айтуына қарағанда, елдегі жеңіл өнеркәсіп саласындағы сауданың 17 пайызы онлайн-сатылымға тиесілі.

«Биыл Сауда және интеграция министрлігі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп, интернет-экспортерлер мектебін қолдау бағдарламасын іске қосты. Биыл жеңіл өнеркәсіп саласындағы 50 компанияға Alibaba сайтының аясында павильон құруға көмек көрсетеміз. Келесі жылы тағы 50 компанияға осындай бағытта қолдау болады. Қазіргі таңда ЕАЭО елдерінде 12 млрд долларлық контрафактілі өнім жеңіл өнеркәсіптің дамуына кедергі келтіріп тұр. Барынша күресіп жатырмыз. Өздеріңіз білетіндей, жеңіл өнеркәсіптің 300 ұлттық стандарты бар. Оларды жақсарту ісі де ұмыт қалған жоқ», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT