Елімізде халықаралық жүк тасымалын рәсімдеу жеңілдейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын көлік құралдарына рұқсат карточкаларын беру рәсімдерін жеңілдетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлік комитетінен хабарланғандай, халықаралық автокөлік тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» және «электронды үкіметтің» www.egov.kz, www.elincense.kz веб-порталы арқылы өтінім беруге болады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні.

«Осыған байланысты тасымалдаушыларды делдалдардың қызметтерін пайдаланбауға және рұқсат карточкаларын, тиісінше шетелдік рұқсат бланкілерін тікелей алуға шақырамыз. Министрліктің көлік комитеті теріс пиғылдағы «тасымалдаушылардың» - делдалдардың автокөлік туралы жалған мәліметтер берген схемасын анықтады. Олар халықаралық жүк тасымалдауға арналмаған көлік құралына Мемлекеттік корпорация арқылы рұқсат карточкаларын алған. Соның негізінде құны 1 АЕК-ті құрайтын шетелдік рұқсат бланкілерін үшінші тұлғаларға сатудан кей жерлерде 100-200 АҚШ долларға дейін заңсыз пайда тапқан. Бұл рұқсаттардың қолдан жасалған тапшылығына және әртүрлі алаяқтық әрекеттердің пайда болуына әкеп соқтырды», - деді баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта комитет халықаралық жүк тасымалдауға арналмаған көлік құралдарына рұқсатты электрондық түрде беру жүйесінен бас тартып, бірден шұғыл шаралар қабылдап жатыр.

«Бұл мәселе министрліктің тұрақты бақылауында тұр. Халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыруға арналмаған көлік құралдарын анықтау жұмыстары жалғасады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар