Елімізде газ өндіру жағдайы қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрлігі 2021 жылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы аясында газ өндіру көлемінің жағдайына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көрсетілген кезеңде 31,7 млрд текше метр көлемінде газ өндірілді, бұл ағымдағы жылғы жеті айдың жоспарымен салыстырғанда 98,2%-ды құрады.

Аталған көрсеткіштің есепті айдың жоспарынан төмен болуының басты себебі мұнай өндіруде алынатын газ ілеспе газ болып саналады, яғни мұнай өндіру көлемінің төмендеуі, тиісінше, газ өндіру көлеміне әсер етті», - делінген министрлік мәліметінде.

Сонымен қатар тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 10,7 млрд текше метрге жетті, осы көрсеткіш биылғы жылғы қаңтар-шілде айларының жоспары 112,4% орындалды.

«Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 1,8 млн тоннаны құрап, бұл есепті кезеңнің жоспарына қарағанда 106,6%-ға орындалды. Есепті кезеңде ел аумағынан газ транзиті

44,8 млрд текше метрді құрап, жеті айдың жоспарымен салыстырғанда 114,1 %-ға жетті», - деп алатып өткен хабарламада.


Соңғы жаңалықтар