Елімізде газ өңдеу зауыттары салынбақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Экономиканың өсуін ескере отырып, жыл сайын тауарлық газды тұтынудың ұлғаюы байқалады. Аталған мәселені ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер 2017 жылы бұл көрсеткіш шамамен 14 млрд текше метрді құраса, өткен жылдың қорытындысы бойынша 19 млрд текше метрді асты. Сондықтан газдың ресурстық базасын ұлғайтумен қатар оны қайта өңдеу қуатын арттыру маңызды. Бұл үшін бірқатар газ өңдеу зауыттарының құрылысы жоспарланып отыр», - деді Роман Скляр Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Вице-премьер атап өткендей, 2023 жылы аяқталуы тиіс Қашағандағы зауыттың 1-ші кезеңінің құрылысы баяу жүріп жатыр.

«2-кезең тұжырымдамасы бойынша әлі түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Сондай-ақ, Қарашығанақта мұнай өндіру зауытын салу бойынша да шешім жоқ», - дейді Р. Скляр.

Бұған дейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Энергетика министрі Болат Ақшолақовқа АЭС-тің базалық жобасын биыл аяқтауды тапсырған еді.

Одан бөлек, Роман Скляр биыл 1 сәуірге дейін жылу электр орталықтары мен жылу желілеріне аудит жүргізуді аяқтауды жүктеді.


Соңғы жаңалықтар