+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

Елімізде газ баллондарын сату ережесіне өзгерту енгізу ұсынылды

2021 жылғы 8 сәуір 12:08
Бөлісіңіз:
Елімізде газ баллондарын сату ережесіне өзгерту енгізу ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенаттың жалпы отырысында депутат Ерік Сұлтанов өзінің депутаттық сауалында газды пайдалану бойынша заңнамаға түзетулер енгізу қажеттігіне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Экспортқа бағытталған газ көлемі толық орындалды – Нұрлан Ноғаев

Сенатордың айтуынша, қайғылы жағдайлар көбінесе газды тұтынушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан және газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету жүргізбеуінен орын алады. Ал, екінші жағынан, газды тұрмыстық баллондарда сататын компаниялар мен газ ұйымдары тұтынушылардан осы ережелердің сақталуын талап етпейді.

Осыған байланысты сенатор газбен жабдықтау ұйымдарына тұтынушылардан осындай қызметтерді кәсіби түрде көрсететін компаниялармен техникалық қызмет көрсету бойынша шарт жасасу туралы талап қою міндетін жүктеу қажет деп санайды. Егер шарт жоқ болса, онда компания клиентке газ баллондарын сатудан бас тартуға құқылы.

«Бұл норма газбен жабдықтаушы ұйым мен газ толтыру пункттері иелерінің толтырылатын тұрмыстық баллондардың техникалық жарамдылығын тексеру жөніндегі міндеттерін толық көлемде іске асыруға, газ баллон қондырғыларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуді жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тұтынушылармен қатар, газ желісі мен газ толтыру ұйымдарының да газ жабдықтары мен газ баллондарына техникалық қызмет көрсету бойынша жасалған шарттары болмаған жағдайда қандай жауапкершілік белгіленетінін айқындау қажет. Мұндай жекелеген норманы енгізу газбен жабдықтаушы ұйым мен тұтынушы арасындағы өзара қарым-қатынасты ретке келтіруге, олардың газ техникалық жабдықтарының жай-күйі үшін жауапкершілік арқалауына ықпал етер еді», - деді сенатор Ерік Сұлтанов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың атына жолдаған сауалында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT