Елімізде емдеуге жатқызу ақпараттық жүйесі енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2010 жылдан бастап елімізде алғашқылардың бірі болып Емдеуге жатқызу бюросы ақпараттық жүйесі енгізілді, ол пациенттерді стационарларға жоспарлы емдеуге жатқызу процесін реттеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоспарлы емдеуге жатқызу - бұл жедел және шұғыл медициналық көмекті талап етпейтін профилактикалық іс-шаралар, аурулар мен жай - күйлерде көрсетілетін медициналық көмек.

Медициналық - санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) көрсету қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының әрбір азаматы жоспарлы емдеуге жатқызуға дұрыс бағыттау үшін міндетті түрде Бекітілген халық тіркелімі ақпараттық жүйесінде, оның ішінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымында бекітілуі тиіс. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бойынша 18 миллионнан астам адам бекітілген, 2017 жылы - шамамен алғанда 17 жарым миллион адам.

Бекітілу фактісі болмаған жағдайда азаматта электронды - цифрлық қолтаңбаның көмегімен өтінімді Электрондық үкімет порталында тіркеу жолымен онлайн режимде бекітілу мүмкіндігі бар.

Жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы есебімен Емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жолдаманы тіркеу жолымен жүзеге асырылады.

Жоспарлы емдеуге жатқызудың бейініне, медицина жабдығына және кадрлық әлеуетіне байланысты емдеуге жатқызуды күту мерзімі болады.

Емдеуге жатқызу өтінімі тіркелгеннен кейін пациенттің қолына емдеуге жатқызу коды бар жолдама беріледі.

Емхана дәрігері өзінің өңірінде кезегі ең аз альтернативті клиникалар бойынша ақпаратты ұсына алады. Осының бәрі дәрігердің қабылдауында пациенттің қатысуымен нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады.

Стационарға емдеуге жатқызғанға дейін пациент МСАК учаскелік дәрігерінің бақылауында болады. Жағдайы нашарлаған жағдайда, пациент медициналық көмекке жүгінген кезде порталдағы жолдаманың болуына қарамастан, пациентке медициналық көмек шұғыл түрде көрсетіледі. Емдеуге жатқызу күніне қарай пациент тексеріп - қараудың ең аз көлемін тапсыруы тиіс.

Қосымшада тиісті баптаулар жасалып, пациентке жеке кабинетке қолжетімділік берілген болса, оған 10 күн бұрын емдеуге жатқызу туралы ескерту ретінде жоспарланған емдеуге жатқызу күні туралы хабарлама келуі мүмкін.

Күтпеген жерде орын алған жағдайларға байланысты пациент белгіленген күні ауруханаға жатуға келе алмаса, бұл туралы өзінің дәрігерін хабардар етуі тиіс. Мұндай жағдайларда пациенттің жолдамасы емдеуге жатқызудан бас тарту себептері көрсетіле отырып, жойылады.

Егер пациент бір күнге кешіксе және оны бағыттаған учаскелік дәрігерді немесе стационардың жұмыскерін бұл туралы хабардар етсе, оған 1 тәулікке дейінгі күту мерзімі беріледі.

Емдеуге жатқызу процесіне қатысты мәселелер бойынша 14 облыс орталығында және республикалық маңызы бар 3 қалада орналасқан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК филиалдарының ресми сайтта берілген сенім телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз. Бас кәсіпорынның сенім телефоны: 8 (7172) 700-967; 8 (7172) 700-960 (ішкі: 1071).

Соңғы жаңалықтар