Елімізде электронды шот-фактура енгізіле бастайды - Қаржы министрі

None
None
АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанда электрондық шот-фактура енгізіле бастайды.

Бұл туралы бүгін астанада өткен дөңгелек үстел жиыны барысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

«Салықтық есептілікті электрондық форматта өткізудің үлестік көрсеткішіне сүйенсек, Қазақстан бұл тұрғыда посткеңестік мемлекеттер арасында ғана көшбасшы болып отырған жоқ. Мәселен, біздің бұл көрсеткішіміз 86 пайызды құрайды. Бұның өзі дамыған елдердің көрсеткіштерімен бірдей», - дейді Болат Жәмішев.

Оның айтуынша, салықтық үдерістерді оңтайландырудың маңызды бағыттарының бірі салық органы мен салық төлеушілердің өзара байланысындағы ақпараттандыру болып табылады.

Соңғы жаңалықтар