Елімізде электронды билет сатудың жаңа жүйесі енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 шілдеден бастап электронды темір жол билеттерін сатудың жетілдірілген жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл жүйе бос билеттерді белгілі бір уақыт аралығында ғана сатылымға түсіреді. Оның уақыт алгоритімін автоматика өзі есептеп шығарады. Егер касссир 30 секунд бір типті 5 сұраныс жасаса - онда жүйе оны құрсалап тастайды. Егер бір мезетте 3 бірдей сұраныс жасаса - онда оған «жүйе 5 минутқа құрсаланады» деген хабар түседі. Яғни, бұл жүйе бос билеттерді «ұстауға» қарсы бағытталған. Ескі жүйеде жолаушылар тарапынан қайтарылған билеттер сол мезетте сатылымға шығып, алып-сатарлардың қолына түсетін еді. Олар осыны пайдаланып алынған жол құжаттарын бірнеше есе қымбат сатып, пайда табатын», - делінген хабарламада.

Енді уақытта жол билеттерін «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты 233 кассасында, жеке меншік 4500 кассада және де интернеттегі билет сататын ресми сайт EPAY.RAILWAYS.KZ (комиссиясыз) және де басқа да ғаламтордағы сату көздері арқылы алуға болады.

Айта кетсек, 2018 жылы интернет арқылы 16 264 373 млн билет сатылған.

Соңғы жаңалықтар