+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Елімізде электр энергиясын өндіру бойынша жоспар толық орындалды

2021 жылғы 12 мамыр 12:40
Бөлісіңіз:
Елімізде электр энергиясын өндіру бойынша жоспар толық орындалды

НҰР-СҰЛТАН. Қаз-Ақпарат – Биыл елімізе 40 млрд кВт/сағат электр энергиясы өндірілді, яғни жоспар 100% орындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы төрт айда 18,1 млрд текше метр көлемінде газ өндірілді. Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 7,8 млрд текше метрге жетіп, жоспар 110% орындалды. Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 1,07 млн тонна болды, ал экспортқа шығарылған газ көлемі 2,87 млрд текше метрді құрады», - дейді Нұрлан Ноғаев.

Оның айтуынша, аталған кезеңде 40 млрд кВт/сағат электр энергиясы өндірілді, яғни жоспар 100% орындалды.

«Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздері нысандары өндірген электр энергиясының көлемі 0,8 млрд Квт/сағ құрап отыр, яғни жоспар 100% орындалды. Негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу министрліктің тұрақты бақылауында», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT