Елімізде экспорттық бақылаудың ұлттық жүйесі жетілдіріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан экспорттық бақылаудың ұлттық жүйесін жетілдіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта министрлік экспорттық бақылаудың қазіргі заманға сай және тиімді жүйесін құру мақсатында «Ерекше тауарларды бақылау туралы» (ҚР «Экспорттық бақылау туралы» заңы жаңа редакцияда) және «Ерекше тауарларды бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ілеспе заң жобасы) заң жобаларын әзірлеп жатыр.

Бұл заң жобалары жаппай қырып-жою қаруын таратпауға қатысты Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін сақтауға бағытталған (БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1540 қарары) қару-жарақ пен әскери техниканы заңсыз сатуға жол бермеуді көздейді (қару-жарақ саудасы туралы шарт).

«Қазіргі кезде заң жобаларының тұжырымдамалары Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 499-отырысында мақұлданды», делінген хабарламада.

Айта кету керек, қолданыстағы «Экспорттық бақылау туралы» заң 2007 жылы қабылданған. 10 жылдан астам бұрын құрылған қосарлы және әскери мақсаттағы тауарларды бақылау жүйесінің қалыптасқан ұйымдық құрылымы мен халықаралық стандарттарға жауап беретін толыққанды заңнамасы бар.

«Тез өзгеріп жататын халықаралық ахуал жағдайында қосарлы және әскери мақсаттағы тауарларды бақылаудың ұлттық жүйесі Нормативтік-құқықтық базаны тұрақты дамытуды және жетілдіруді талап етеді.

Қазіргі уақытта заң жобалары Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына келісім жұмыстарын жүргізу үшін жолданды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар