Елімізде экономика мен басқару жүйесінің тиімділігін арттыру қажет- Тоқаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда басқа өңірлерге үлгі болатындай көп жұмыс атқарылып жатыр. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Сондықтан эконмиканы және басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударуымыз керек. Әкімдердің жұмысындағы негізгі көрсеткіш бұл инвестицияны тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу», -деді Қазақстан Президенті Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Сондай-ақ, Президент инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесттің өркендеуіне жағдай жасау, экологияны қорғау аса маңызды міндеттер екендігін атап өтті.

«Өзімнің сайлау алдындағы бағдарламамда осы мәселелер туралы айтқанымды жақсы білесіздер. Бұл орайда, Алматының зор әлеуетін атап өту керек. Қалада басқа өңірлерге үлгі болатындай көп жұмыс атқарылып жатыр. Дегенімен қаланы ары қарай дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту күн тәртібінен түспеу керек»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар