Елімізде Екінші дүниежүзілік соғыстың 88 ардагері баспана кезегінде тұр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Шайдаров соғыс ардагерлерін баспанамен қамтамасыз ету мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде тұрғын үй алу кезегінде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 88 ардагер тұр. Сонымен қатар, 2015 жылы барлық ардагерлер баспана алды деп хабарланды. Ардагерлердің біразы жүз жасқа жақындап қалды. Жедел шаралар қабылдамаса, олардың көпшілігі үшін баспана алу орындалмас арман болып қала береді», - С. Шайдаров Сенаттағы Үкімет сағатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, сенатор баспана құрылысын тежейтін жүйелі проблемаларды атады.

Бұдан бөлек, С. Шайдаров елімізде 18 негізгі құрылыс материалы бойынша импорттың үлесі 50 пайыздан асқанын айтты.
Соңғы жаңалықтар