Елімізде екі айда мұнай өндіру 5,9% артқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мұнай өндіру 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында 13,187 млн тоннаны құрады. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,9% пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептік кезең ішінде газ конденсаты 2,09 млн тонна (былтырғыдан 4,9 пайызға аз), табиғи газ - 9,716 млрд текше метр (+5,5 пайыз), көмір - 19,966 млн тонна (+1,4 пайыз) болған.

Сондай-ақ, темір рудалары 6,184 млн тонна (-1,3%), мыс рудалары 17,833 млн тонна (+21,2%), құрамында алтыны бар рудалар 3,327 млн тонна (+22,4%), хром концентраты 743,6 тыс. тонн (+11,2%) көлемінде өндірілді.

Автор: Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар