Елімізде егіннің 17,6 пайызы орылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміз бойынша 26 тамызға дейін 3 млн 363,5 мың тонна астық бастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, есепті кезеңде диқандар 2 млн 685 мың га, алқапты орған немесе барлық өңірлерге тиесілі егістіктің 17,6 пайызына орақ түскен. Орташа өнімділік әр гектарға 12,5 центнерден келеді.

«2018 жылдың аталған кезеңінде 1 млн 323,5 мың га алқап орылған болатын. Ол кезде орташа өнімділік гектарына15,5 центнерді құраған», - делінген министрліктің мәліметінде.

Биыл диқандар жалпы аумағы 15 млн 214 мың гектар болатын алқаптан астық жинап үлгеруі керек. 2018 жылы егіс көлемі 15 млн 8,1 мың гектар болған.

Естке салсақ, 2018 жылғы жиын-терін науқанының қорытындысы бойынша 22 млн 810 мың тонна астық бастырылып, орташа өнімділік гектарына 15,1 центнерді құраған.

Соңғы жаңалықтар