Елімізде докторантураға түсу емтихандары басталды
2022 жылғы 15 тамыз 16:11

Елімізде докторантураға түсу емтихандары басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елімізде докторантураға түсу емтихандары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Емтихандар 20 тамызға дейін жалғасады. Оқуға түсу емтиханының күні, уақыты, орны туралы ақпарат жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде 10 тамызда жарияланды. Өткізіп алмаңыздар! Емтихан нәтижесі келесі күні оқуға түсетін адамның «жеке кабинетінде» жарияланады», - делінген Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінде.

Апелляцияға арналған өтініш нәтиже жарияланғаннан кейін келесі күні аймақтық тестілеу орталықтары базасында қабылданады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 12 тамызда магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталады.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT