USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Елімізде дизель тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатыр

2021 жылғы 12 қазан 15:58
Бөлісіңіз:
Елімізде дизель тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық тұтынушыларды дизель отынымен қамту үшін қандай шаралар қабылданып жатыр. Дизель тапшылығына қатысты ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Ішкі нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету мақсатында бүгінде мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынды, биыл сәуір айынан бастап дизельді экспорттау тоқтатылды және Атырау мұнай өңдеу зауытына жөндеу жұмыстары 2022 жылға ауыстырылды. Сондай-ақ, Атырау мұнай өңдеу зауыты мен ПетроҚазақстанОйлПродактс (ПКОП) ЖШС-ға 100 мың тонна мұнай және 29 мың тонна дизель отыны жеткізілді. Одан бөлек, Павлодар мұнай-химия зауытына жүргізілетін жөндеу жұмысы кейінге шегеріліп, қазанның алғашқы 10 күнінде аталған өнеркәсіп 30 мың тонна дизель отынын өндірді», - деді Әсет Мағауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министр орынбасарының мәліметінше, биыл 1 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Ресейден 65,7 мың тонна дизель отыны жеткізілді. Ал 1-10 қазан күндері көрші елден тағы 22,2 мың тонна дизель әкелінген.

Оның айтуынша, 11 қазандағы жағдайда сәйкес ел көлемінде 214,9 мың тонна дизель бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT