Елімізде денсаулыққа қасақана зиян келтіру қылмыстарының ашылуы 95 пайызға төмендеген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде денсаулыққа қасақана зиян келтіру қылмыстарының ашылуы 95 пайызға төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Finprom.kz порталынының мәліметінше, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың ашылуы 95 пайызғаға дейін төмендеген. Ал денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің тіркелген жағдайлары 3 пайызға артып отыр.

Осы жылдың қаңтар-шілде айларында елімізде «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша 1,12 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғы деректен 2,8 пайызға артық. Оның ішінде 219 құқық бұзушылық (былтырғыдан 14,1 пайызға көп) адам өліміне әкеп соқтырған.

Өңірлер бойынша биыл «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен ең көп құқықбұзушылық Шығыс Қазақстан облысында тіркелді: 127 оқиға, былтырғыдан 25,7 пайыз аз. Одан кейін Алматы қаласы (105 жағдай, +9,4%), Алматы және Қарағанды облыстары (әрқайсысында 101 жағдай) тұр. Мұндай құқық бұзушылықтардың ең азы Абай облысында тіркелген: тек 1 жағдай ғана.

Ал денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың ашылу деңгейі 2022 жылғы қаңтар–шілдеде 94,8 пайыз болды, былтыр осы уақыт аралығында 97,8 пайыз болған еді. Қазақстанда мұндай қылмыстардың ашылу деңгейі Маңғыстау облысында ең жоғары – 100 пайыз. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан облысы мен елорда тұр: тиісінше 99,1 және 98,7 пайыз. Алматы қаласында мұндай қылмыстардың ашылу көрсеткіші төмен - 78,6 пайыз. Ал еліміздің жаңадан құрылған үш облысында бірде-бір іс ашылмаған.


Соңғы жаңалықтар