+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Елімізде декларация тапсыру мерзімі 30 күнге ұзартылады

2020 жылғы 18 наурыз 08:23
Бөлісіңіз:
Елімізде декларация тапсыру мерзімі 30 күнге ұзартылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде заңды және жеке тұлғаларға декларация тапсыру мерзімі 30 күнге ұзартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

«Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты заңды және жеке тұлғаларға декларация тапсыру мерзімі төтенше жағдайдың уақытына сәйкес келгендіктен, ол 30 күнтізбелік күнге, яғни 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылады», делінген хабарламада.

Алайда, салық есептілігі нысандарын электронды түрде тапсыру қажет.
«Осылайша, 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін тапсырылған электронды декларациялар уақытында табыс етілген болып саналады.
Бұл ұзартулар 2019 жылдың 100.00, 110.00, 150.00, 180.00, 220.00, 230.00, 240.00, 700.00, 860.00, 870.00, 871.00, 912.00, 920.00 нысандарына қатысты қолданылады», делінген хабарламада.
Комитеттің мәліметінше, мерзімнің ұзартуына қатысты салық төлеушіге қандай да бір қосымша өтініш пен хабарлама жолдаудың қажеті жоқ.
Сондай-ақ. 1 сәуір мен 30 сәуір аралығында тапсырылған нысандар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылмайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT