Елімізде дәрілік заттарды міндетті түрде таңбалау енгізіліп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде дәрілік заттарды міндетті түрде таңбалау енгізіліп жатыр. Бұл туралы Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры Бикеш Құрманғалиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2020 жылдан бастап темекі өнімдері, ал 2021 жылдың қараша айынан бастап аяқ киім бұйымдары міндетті түрде таңбалана бастады. Ал қазіргі уақытта дәрілік заттарыды міндетті түрде таңдалау енгізіліп жатыр», - деді Бикеш Құрманғалиева туралы елордада өткен телекоммуникация нарығын дамытуға арналған іс-шара барысында.

Оның атап өтуінше, ережеге сәйкес, белгілі бір тауар түрін міндетті таңдалау енгізілмес бұрын ілкі жоба жүзеге асырылады.

«Нормативтік-құқықтық аяға сәйкес, ең алдымен кез келген тауар тобына қатысты ілкі жобаға бастамашылық жасалады. Содан кейін реттеушілік ықпалға талдау жасалып, қоғамдық тыңдау болады. Мүдделі барлық мемлекеттік органмен, бизнес қоғамдастықпен, «Атамекен» ұлттық палатасымен белігілі бір тауар түріне таңдалау енгізуге қатысты шешім келісіледі. Тек осы іс-шаралардан кейін шешім қабылданады. Қазір зергерлік бұйымдарға, суға және құрамында қант бар сусындарға қатысты ілкі жоба жүзеге асырылып жатыр. Алкогольге, жеңіл өнеркәсіп пен сүтке ілкі жоба жүргізілді. Үкімет бизнес қоғамдастықпен келісе отырып, аталған тауар түрлеріне міндетті таңдалауды әзір енгізбеу шешімін қабылдады. Жеңіл өнеркәсіпке қатысты мәселе ашық тұр», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар