Елімізде бұқаралық спорт қалай дамып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыту, тұрғындар арасындағы спортпен шұғылданатын адамдар санын көбейту қолға алынды. Нәтижесінде, спорт секцияларының саны артып, саланы цифрландыру мәселесі жолға қойылып келеді. Бұқаралық спортты дамыту үшін 2021 жылы атқарылған шаралар туралы толығырақ ҚазАқпарат сарапшысының материалынан оқи аласыздар.

Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында спорттық инфрақұрылымды кезең-кезеңімен салу арқылы бұқаралық және балалар спортымен айналысу үшін жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталған болатын. Осы тұста, ҚР мәдениет және спорт министрлігі 2021 жылы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізілген талдау негізінде жаңа объектілер салуды, жұмыс істеп тұрған білім беру орындарының базасында жаңғыртуды және қосымша жарақтандыруды қамтитын спорттық инфрақұрылымды дамытудың жоспар-кестесінің жобасын әзірледі.

2020 жылғы 30 желтоқсанда бұқаpалық споpтты одан әpi дамытуды көздейтiн дене шынықтыpу және споpт мәселелеpi бойынша ҚP Заңы қабылданды. Атап айтқанда, дене шынықтыpу даяpлығының балалаp-жасөспipiмдеp клубтаpының және дәpiгеpлiк-дене шынықтыpу диспансеpлеpiнiң желiсiн кеңейту, дене шынықтыpу және споpт бойынша сабақтан тыс секциялаpды жүpгiзгенi үшiн мұғалiмдеpге базалық лауазымдық жалақыдан 100% мөлшеpiнде қосымша ақы енгiзу, бiлiм беpудiң баpлық деңгейлеpiндегi дене шынықтыpу сабақтаpында ұлттық споpт түpлеpi бойынша мiндеттi компонент енгiзу жөнiндегi ноpмалаp енгiзiлген. Сондай-ақ, халықпен жұмыс iстеу үшiн споpт нұсқаушылаpын штаттық бipлiктеpiмен қамтамасыз ету көзделген.


Бұқаралық спортты дамыту үшін атқарылған шаралар

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Бұқаралық спортты дамыту басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетовтің мәліметінше, 2021 жылдың қорытындысы бойынша республика бойынша дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде 6 534 919 адам шұғылданады, бұл елдегі халықтың 34,28%-ын құрап отыр. Оның ішінде 2 048 284 ауылдық жерлерде дене шынықтыру және спортпен шұғылданады. Сондай-ақ, 2020 жылмен салыстырғанда шұғылданушылар саны 581 084 адамға ұлғайған.

«Дене шынықтыру және спорт ұжымдарында 127 000 (олардың ішінде ауылдық жерлерде – 68 982) спорттық секция құрылды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша қазіргі таңда республикада 223 118 балалар мен жасөспірімдер қамтылған 602 балалар-жасөсіпірімдер клубы, 119 балалар-жасөспірімдер дене дайындығы клубы жұмыс істейді», - деді Бұқаралық спортты дамыту басқармасының басшысы.

Басқарма басшысы қазіргі таңда статистикалық деректерге сәйкес, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын ерекше қажеттіліктері бар халықтың үлесі 12,7%-ды құрайтынын жеткізді. Оның айтуынша, дене шынықтыру және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімі жоқ тұлғалар санының есебінен шұғылданушылардың саны 48 565 адамға, ал ауылды жерлерде 12711 адамға жеткен.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтыру мен спорттың жалпы санынан ұлттық спорт түрлерімен айналысатын азаматтардың үлесі 2020 жылы 43 2457 немесе 7,9% құраса, ал, 2021 жылы 489 526 немесе 8,0%-ды құрайтыны анықталып отыр», - деді Мейрамбек Махамбетов.


«Қолжетімді спорт» бағдарламасы

Сондай-ақ, ол бұқаралық спортты дамыту және насихаттау мақсатында «Қолжетімді спорт» бағдарламасын іске асыру жөнінде насихат жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп отырғанын айтып өтті. Оның мәлімдеуінше, бағдарлама 2022 жылы облыстық маңызы бар қалаларда Ақтау, Талдықорған, Петропавл, Семей және республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында іске қосылады.

«Алдағы уақытта республика бойынша барлық өңірлерде жүзеге асырылады. Бұл бағдарлама шеңберінде скандинавиялық жүріс, жүгіру, гимнастика (йога, фитнес), стритворкаут, үстел теннисі, шаңғы жарысы және конькимен жаппай сырғанау спорттары қамтылады», - деді Басқарма басшысы.


Салауатты өмір салтын насихаттау шаралары

Сонымен қатар, ол кешенді іс-шараларды өткізу жөнінде бірқатар жұмыстар атап айтқанда, Кәсіптік одақтар арасындағы республикалық спартакиадасы, Жергілікті атқару органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы республикалық спартакиадасы, Мемлекеттік орталық органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы республикалық спартакиадасы, Медицина қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиадасы, Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиадасы жүргізіліп отырғанын айтып өтті. ҚР Тұңғыш Президентінің күні мен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында елімізде бұқаралық спортты дамыту, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау және ұлт денсаулығын нығайту бойынша белсенді жұмыстар атқарылған. Нақтырақ айтқанда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күнінде еліміздің бас қаласында ресми түрде қысқы шаңғы маусымы ашылған және оған елорданың үш жүзден астам тұрғыны қатысқан.

«Сондай-ақ, астананың триатлон саябағында «Qysqy jugiru» қысқы жүгіруден жарыс өтті, жарысқа шамамен 250-дей қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Қатысушылар 5 жас санаты бойынша сынға түсті, атап айтқанда, 18-29 жас, 30-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас, 60 жас және одан жоғары. «Qysqy jugiru» жарысының негізгі қашықтығы шақырымды құрады», - деді Мейрамбек Махамбетов.

Оның айтуынша, «Нұр Отан» партиясының бастамасымен, сондай-ақ елорда әкімдігінің және Нұр-Сұлтан қаласы үстел теннисі федерациясының қолдауымен Тәуелсіздік сарайында мемлекеттік қызметшілер арасында үстел теннисінен турнир өткен. Аталған шараға 80 мемлекеттік қызметші қатысқан. Сондай-ақ, ол 2021 жылғы 31 желтоқсанда республика бойынша спортты сүйер қауым арасында бүкіләлемде орын алған пандемияға қарсы акцияны қолдай отырып, «Жаңа жылдық жүгіру – 2022» бұқаралық жүгіру өткенін жеткізді.

«Акцияның басты мақсаты – салауатты өмір салтына барынша адамдарды тарту.Дәл осындай атаумен еліміздің түкпір-түкпірінде жаппай жүгіру акциясы өтіп, оған тілек білдірушілер мен спорт сүйер қауым қатысты», - деді ол.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен 2021 жылғы 14 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында еліміздің үздік спорт ұйымдары мен спорт қайраткерлерін марапаттау рәсімі өткен. 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік меценат», «Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы», «Ауылдық жердегі үздік нұсқаушы-әдіскер», «Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман», «Жалпы білім беру ұйымының директоры», «Ауылдағы үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі», «Жылдың үздік спорт ұйымы», «Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі» номинациялар анықталып, жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйақылармен марапатталған.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спорт туралы үздік жарияланымы үшін журналистерге атақты спорт журналисі, публицист Сейдахмет Бердіқұловтың сыйақысы берілді. Лауреаттар төсбелгімен, дипломдармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды», - деді Мейрамбек Махамбетов7

Басқарма басшысының айтуынша, салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға халықты тарту, оның өз денсаулығын және дене шынықтыру деңгейінің дайындығын айқындауға деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында республика бойынша жазғы маусымда және қысқы маусымда тұрақты түрде халықтың дене шынықтыру дайындығының президенттік тестілері өткізіледі. Оның дерегінше, 2021 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілерін тапсыруға 2 675 044 адам қатысты, оның ішінде күшті, төзімділікті, жылдамдық пен ептілікті көрсететін сынақтардан 492 083 адам (87 012 адам - Президенттік деңгей) нормативтерін орындаған.


Нұр-Сұлтан қаласындағы бұқаралық спортты дамыту жұмыстары

Елорда әкімдігінің мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында бұқаралық спортты дамыту үшін әлемнің үздік тәжірибелері зерделеніп, арнайы бағдарлама әзірленген. Бағдарлама аясында өңірде спорттың ойын түрлері (футбол, стритбол) бойынша аула лигалары өткізілген. Сонымен қатар, халықтың спортпен шұғылдануына да барлық жағдай жасалған. Нақтырақ айтсақ, қалада 318 ашық футбол алаңы, 23 стрит воркаут алаңы, сол сияқты 40 баскетболға арналған арнайы алаң бар. Бүкіләлемдік пандемияға байланысты спорттық іс-шаралардың тоқтатылғанын ескере отырып, елорда тұрғындарының спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында әр ай сайын жүгіру және веложүгіруден онлайн жарыстар ұйымдастырылуда. Қала тұрғындары өздеріне қолайлы уақытта, кез-келген саябақта жүгіріп, қортындысымен «Страва» қосымшасы арқылы бөлісе алады. Бұдан бөлек, бұқаралық спортты дамыту мақсатында да қазіргі заманның талабына сәйкес халыққа спортты қолжетімді ету үшін «Smart sport» жобасы әзірленуде. Бір мобильді қосымша арқылы қаладағы барлық спорттық инфрақұрылымды, спорт түрлері бойынша жаттығулар өткізілетін залдарды, спорт мекемелеріндегі жаттықтырушылар, спорттық іс-шаралар және басқа да ақпаратты қамту жоспарланған. Жалпы қала тұрғындары еркін пікір алмаса алатын платформа болмақ.

Авторы: Венера Жоламанқызы


Соңғы жаңалықтар