Елімізде биыл тағы 10 мың орындық жатақханалар пайдалануға беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі студенттерді жатақханамен орындарымен қамту мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жатақхана мәселесі туралы айтар болсақ, мұнда проблема бар. Қазір қолданыстағы жатақханаларда жағдай әртүрлі. Шынымен тозып кеткен жатақханалар да кездеседі. Бірақ, бұл жерде мәселе қайда? Біз мәселен, қазір жан басына есептеу бойынша қаржыландырып отырмыз. Алайда оған жатақхананы ұстап тұру әдістемесін енгізбедік. Тиісінше әдістемеде бұл қаражат болмаса, жатақхананы ұстап тұруға да ақша салынбайды. Сол себепті осы мәселені ретке келтірдік», - деді Асхат Аймағамбетов Парламент Сенаты жанындағы Жастар кеңесінің алғашқы отырысында .

Министрдің айтуына қарағанда, Елбасының үшінші әлеуметтік бастамасы – 75 мың орындық жатақхана салу мәселесі рет-ретімен іске асып келеді. Мәселен, былтыр 10 мың жатақханалық орын пайдалануға берілсе, биыл тағы 15 мың орындық жатақхана дайын болады.

«Бізде жер бойынша ешқандай мәселе жоқ. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында белгілі бір кәсіпкер жатақхана салуға ниеттенсе, бұл тұрғыда мемлекеттің міндеттемелері нақты тіркеледі. Біз 8 жыл бойы бір жатақханалық орын үшін ақы төлейміз деп отырмыз. Яғни, бұл бойынша аса өткір мәселе жоқ», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар