Елімізде бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры әзірленіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры дайындалып жатыр. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде Ақтөбе облысында мемлекеттік жер телімдерін жекеге өткізу, жалға беру, акцион арқылы сату қызметтері Egov порталы онлайн жүзеге асырылып жатыр. Пилоттық жобаны облыстық әкімдікпен бірлесіп іске қостық. Жоба сәтті жүзеге асса, басқа өңірлерде де іске қосылады. Сондай-ақ, елімізде бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры әзірленіп жатыр. Ол бойынша жерге қатысты барлық мәлімет пен қызмет цифрландырылып, қызмет бірыңғай мемлекеттік портал арқылы ұсынылады», - деді Әділ Қожықов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен Antikor Live жобасының эфирінде.

Сондай-ақ, басқарма төрағасы мемлекеттік қызмет алуда қағазбастылық азая түсетінін айтты .

«Шыны керек, қағазбастылық адамдарды қызмет алудың жеңіл жолын іздеуге итермелейді. Сондықтан біз қызмет алуда сұралатын құжаттар мен анықтамалардың санын барынша қысқартумен айналысып жатырмыз. Мемлекет басшысы айтқандай: «Адамдар емес құжаттар жүгіруі тиіс». Яғни адамдар белгілі бір құжат немесе анықтама алуы үшін есіктен есікке жүгірмей, біріктірілген ақпараттық база арқылы бір жерден алуы тиіс. Осылайша қағазбастылық азая түседі», - дегентұғын ол.

Одан бөлек, Ә.Қожықов еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілердің ағыны азаймай тұрғанын тілге тиек етті.



Соңғы жаңалықтар